Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынастарын нығайтуда

4391

23 мамырда Қазақстанның Ригадағы Елшілігінде Америка Құрама Штаттарының Латвия Республикасындағы жаңа Төтенше және Өкілетті Елшісі Кристофер Робинсонмен кездесу өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Елшісі Тимур Пірімбетов америкалық әріптесін Латвиядағы ресми қызметінің басталуымен құттықтап, жұмыста табыс тіледі.

Достық сұхбат барысында дипломаттар Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша қарым-қатынастардың жоғары деңгейі мен сындарлы сипатын атап өтті.

Т.Пірімбетов сұхбаттасушыға Мемлекет басшысының басшылығымен жүргізіліп жатқан Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер туралы айтып берді. Елші Робинсон өз тарапынан АҚШ-та Қазақстанмен әріптестік қатынастарды жоғары бағалайтынын және олардың одан әрі дамуы мен нығаюын жақтайтынын, мемлекет пен қоғамды жан-жақты жаңартуға бағытталған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалар бағытын қолдайтынын атап өтті.

Одан әрі сұхбат барысында Т.Пірімбетов Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру шеңберінде еліміздің Еуропалық Одақпен өзара іс-қимылы туралы хабардар етті. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің Брюссельге жақында жасаған сапары және Көлік министрі бастаған Латвия өкілді делегациясы қатысқан Алматыда өткен ЕО-Орталық Азия II экономикалық форумы туралы жеке атап өтті.

Кездесу соңында сұхбаттасушылар елшіліктер желісі бойынша тұрақты байланыстарды жалғастыруға келісті. Т.Пірімбетов американдық дипломатты ағымдағы жылдың маусым айының ортасында Ригада Қазақстан Республикасынан, Орталық Азия елдерінен және Балтық аймағынан келетін көлік саласы мен іскер топтардың өкілдері қатысатын Орталық Азиядағы сауда бойынша USAID бағдарламасы аясында өтетін аймақтық бизнес-форумға қатысуға шақырды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -