26 мамырда Елшілікте Латвия Көлік министрлігі Мемлекеттік хатшысының орынбасары, Қазақстан-Латвия Көлік жөніндегі жұмыс тобының басшысы Улдис Рейманиспен кездесу өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Кездесу барысында сұхбаттасушылар транзиттік-көлік саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, Латвия Көлік министрі Я.Виттенбергстің Қазақстанға сапарының қорытындыларын, сондай-ақ ағымдағы жылғы 8-9 маусымда өтетін Астана Халықаралық форумына Латвия делегациясының қатысуының ұйымдастырушылық және мазмұндық аспектілерін талқылады.
Ү.ж. маусым айында Латвияға сапары шеңберінде Орталық Азиядағы сауда бойынша USAID бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының, Орталық Азия елдерінің көлік саласы мен іскер топтарының өкілдерінен өңірлік бизнес-миссияның іс-шараларын дайындауға, сондай-ақ Ригада Көлік жөніндегі Қазақстан-Латвия жұмыс тобының кезекті отырысын өткізуге ерекше назар аударылды.