ҰҚШҰ және геосаяси динамика: перспективалар мен сын-қатерлер

6916

Беларусь астанасында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары арасындағы консультациялар өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев басқарды.

Консультациялар барысында 2023 жылғы 19-20 маусымда Минскіде өтетін ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің алдағы отырысына дайындыққа байланысты мәселелер қарастырылды.

Сонымен қатар консультацияларға қатысушылар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін және ҰҚШҰ шеңберіндегі ынтымақтастықтың перспективті бағыттарын талқылады, сондай-ақ ҰҚШҰ-ның басқа халықаралық ұйымдармен (БҰҰ, ТМД, ШЫҰ) және бөлек мемлекеттермен диалогын дамыту жөніндегі одан арғы қадамдар бойынша пікір алмасты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -