«Бизнес-қауымдастық елдің тұрақты дамуы туралы ойлану керек»: Серік Толықпаев CEVF 2023-те сөз сөйледі, деп хабарлайды DKNews.kz.
Орталық Азия-Еуразия венчур форумында «Мағыналы инвестициялар» панельдік сессиясында AITAS холдингінің негізін қалаушы Серік Толықпаев Қазақстан бизнес өкілдеріне әлеуметтік жобаларға және елдің тұрақты дамуына арналған жұмыстарға назар аударуды ұсынды. Оның пікірінше, Қазақстанның болашағына салынған ең үздік инвестициялар – осы.
2 маусымда Алматыда инвесторлар мен стартаптарға арналған Орталық Азия-Еуразия венчур форумы өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынща, негізгі тақырып «Жасанды интеллект дәуіріндегі адами капитал» деп аталды, бұл адамдар кез-келген ұйымда маңызды капитал болып қала беретінін айқындайды.
Іс-шараның күн тәртібіне жасанды интеллекттің заманауи бизнеске әсері, қазақстандық АТ-кластерді дамыту және Орталық Азияның инвестициялық ахуалы мәселелері кірді. Форум спикерлері аймақтағы венчурлік нарық динамикасына, корпоратив инновацияларға, сондай-ақ Қазақстан мен Еуразиялық кеңістіктің венчурлік перспективаларына назар аударды.
Форумға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде AITAS холдингінің негізін қалаушы Серік Толықпаев бүгінгі іс-шара Қазақстанның әлеуметтік әл-ауқатында үлкен рөл атқаратын бизнес саласы және ондағы инновациялар аясында өтіп жатқанын атап өтті.
«AITAS холдингінің мақсаты – Қазақстан халқына қызмет ету. Бастапқыда бұл менің қолымнан келмейтіндей болып көрінді. Әрине, маған «басқа жолға түстің», «мұның бизнеске еш қатысы жоқ» деп айтқан адамдар болды. Бірақ алдыңа осындай мақсат қойған кезде, мұндай жағдай сізге қазіргі бизнеске мүлдем басқа қырынан қарауға мүмкіндік береді. Міне, осы көзқарас төрт жыл ішінде үш қор құруға мүмкіндік берді,: олар Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қоры, Білім беруді тұрақты дамыту қоры және қазір біз мәдениетті дамытуға арналатын тағы бір қор құру үшін жұмыс істеп жатырмыз» Серік Толықпаев
Бизнесменнің айтуынша, компанияның қызметі тек өзін қаржылық байытуға ғана емес, қандай да бір «қайтарым» беруге бағытталған кезде, мұндай бизнес-идеялар мен стартаптар әрқашан қызықты болып, инвесторларды тартады.
Серік Толықпаев өзінің венчурлық қаржыландыру тәжірибесі туралы да айтып берді. 2020 жылы ол Arbuz.kz цифрлық платформасын әзірлеуге, онлайн-супермаркеттегі операциялық блокты дамытуға және қызметті жақсартуға шамамен 2 миллион доллар инвестициялаған болатын.
«Венчурлық қаржыландырудағы мені алға итермелейтін күш – қызығушылық. Бұл табысты кәсіпкерлерге тән қасиет. Ақшалай салымнан басқа, біздің стратегиялық көзқарас пен сараптама саласындағы үлесіміз өте қызықты екенін атап өту маңызды» Дей келе Серік Толықпаев Қазақстанның тұрақты дамуына көмектесетін жобаларға қолдан келгенше көмек көрсетуге дайын екенін айтты
Сессия спикерлерінің бірі, Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бизнестің әлеуметтік жобаларға қатысуының маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ дамыған мемлекеттерде тұтастай бір елді дамыту және жаһандық проблемаларды жоюға арналған бизнес пен стартаптарды іске асыру трендке айналғаны, мағыналы инвестициялар үлкен рөл атқаратыны туралы толықтыып кетті.
«Үкімет бұл мәселелерді шешуі керек екені түсінікті, бірақ іс жүзінде business opportunities бар және бизнес бастама да болуы керек» Бағдат Мусин
Мысал ретінде министр цифрлық индустриядағы қазақ тілімен байланысты проблеманы атап өтіп, бизнеске осы мәселені шешуде өз күшін біріктіруді ұсынды.