Қазақстан мен Румыния арасындағы тауар айналымы 2023 жылдың бірінші тоқсанында 690 миллион АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36,6%-ға жоғары, деп хабарлайды DKNews.kz.
Елдер арасындағы айналымдағы негізгі тауарлар шикі мұнай, уран, табиғи газ, дәрі-дәрмек, тұрмыстық техника, электр плиталары, жүгері және т.б.
Сәйкесінше, Қазақстаннан Румынияға экспорт 36,3%-ға өсіп, 665 миллион АҚШ долларын құрады. Ал импорт 45,7%-ға өсіп, 25 млн АҚШ долларын құрады.
Айта кететін жайт, өткен жылы тауар айналымы 2,7 миллиард АҚШ долларына жетіп, 2021 жылмен салыстырғанда 69,1%-ға жоғары болды.