Қазақстандық атқыш Никита Чирюкин Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

18799

Қазақстандық Никита Чирюкин Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында оқ ату жарысынан қола медаль жеңіп алды. Біздің спортшы 26 ұпай жинап, жоғары жылдамдықты тапаншадан атуда үшінші болды, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Қазақстандық спортшы жеңіс тұғырын ҚХР мергендерімен бөлісті.

«Никита - көптеген беделді жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері. Бүгін де ол биіктен көрінді. Бәсекелестік қиын болғанына қарамастан ол өзінің шеберлігін көрсетті. Никитаны, оның командаластары мен жаттықтырушыларын осы жүлдемен құттықтаймын» ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -