Венада қазақ киносының күндері өтті

5027
Фотосурет: Gov

Президент России Владимир Путин прибыл с официальным визитом в Казахстан, передает DKNews.kz.

 Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеу аясында Венаның «Штадкино» атты орталық кинотеатрларының бірінде қазақстандық «Дос Мұқасан» және «Паралимпиец» фильмдерінің көрсетілімі өтті.

Көрсетілім Қазақстанның Аустриядағы Елшілігі, Қазақстан киносының Француз қауымдастығы және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы, сондай-ақ «EduStream» білім беру орталығының қолдауымен ұйымдастырылды. Кино күндеріне дипломатиялық корпус, БАҚ өкілдері, Аустрияның қоғам қайраткерлері, сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Көрермендер қазақ кино өнерінің тарихы мен даму деңгейімен таныстырылды.

«Дос Мұқасан фильмін көргенге дейін қазақ киносымен таныс емес едім. Жағымды жағынан таң қалдырды. Фильмнің оқиғасы мен сюжеті тартымды, актерлер рөлдерді жоғары деңгейде ойнап, фильм үлкен қызығушылық туғызды. Браво!» – деп өз пікірімен кинотанушы және киносыншы Лана Деларош бөлісті.

«Бізге «Паралимпиец» фильмі қатты ұнады. Орталық Азия аймағының мәдениеті мен тарихын жақсы білетін ұлымды өзіммен бірге алып келдім. Фильм өте эмоционалды болды және сценаристтің жақсы жұмысын атап өткім келеді» – деді Францияның ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі Фатен Бенабиле-Фое.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -