Жылдық 12% доллармен қалай табыс табуға болады?

604

Облигациялар әлі де болса қарапайым адамдар үшін таңсық болуы мүмкін, алайда тәжірибелі инвесторлар бағалы қағаздардың өз капиталын көбейтудің тамаша тәсілі екенін біледі. Бүгінгі таңда бұл әлемдік қор нарығындағы пассивті табыс табудың ең танымал құралдардың бірі. Бұл ретте нарықта ұсыныстар көбейіп келеді. Fitch Ratings мәліметінше, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында АҚШ-тағы инвестициялық деңгейдегі облигациялар шығарылымы $363 млрд құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24%-ға жоғары.

Shutterstock

Кез келген бағалы қағаз сияқты облигацияның да өзіне тән ерекшеліктері бар, оларды ақша салмай тұрып есепке алу қажет. Бұл туралы Freedom Holding Corp.-тың бірегей ұсынысы – 2023 жылдың желтоқсанында айналымға түсетін жылдық табысы 12% болатын доллар облигациялары мысалында талдап көрейік.

Облигацияларды таңдаған кезде неге назар аудару қажет?

Эмитент және төлемдер кепілдігі

Облигацияларға ақша салған кезде осы бағалы қағаздарды шығаратын компанияға (эмитентке) сенетініңізге көз жеткізу қажет. Егер осы борыштық бағалы қағаздар бойынша қаржылық тұрақтылығы көбірек тұлғаның кепілдігі болса, онда бұл осы бағалы қағаздардың кредиттік сапасын едәуір жақсартады. Инвестициялық шешім қабылдау үшін олар туралы барлық ақпаратты, оның ішінде қаржылық көрсеткіштерді міндетті түрде зерттеңіз.

Мысалы, жаңа долларлық облигацияларды Freedom Holding Corp. (FRHC) еншілес компаниясы Freedom Finance SPC Ltd (FFSPC) шығарады. Америкалық холдингтің нарықтық капитализациясы шамамен 5 млрд долларға жетеді, ал өткен тоқсандағы деректер бойынша оның кірісі 2,4 есеге артқан болатын. Сондықтан облигациялар FRHC активтерімен қамтамасыз етілген.

Айналыс көлемі мен мерзімі

Эмитент ең басында инвесторлар айналыста қанша бағалы қағаздар болатынын түсінуі үшін облигациялар шығарылымының көлемі туралы деректерді ұсынады. Мысалы, Freedom қағаздары кемінде 100 млн АҚШ доллары көлемінде орналастырылады, ал шығарылым көлемі 200 млн АҚШ долларын құрайды.

Әрбір облигация белгілі бір кезеңге, көбінесе бірнеше жылға шығарылады. Freedom Holding Corp. өзінің долларлық қағаздарын бес жыл мерзімге шығарады.

Купонның құны және өтінімнің ең аз сомасы

Облигациялар қор нарығында саудаланатындықтан, олардың бағасы сатып алушылардың сұранысы мен сатушылардың ұсыныстарының теңгерімімен әрдайым дерлік анықталады. Сондай-ақ эмитент қанағаттандыруға дайын өтінімнің ең төменгі сомасын анықтайды.

Freedom Finance Ltd SPC жағдайында әр қағаздың номиналды құны 100 АҚШ долларын құрайды, ал облигацияларды ең аз дегенде 1000 АҚШ доллары сомасына сатып алуға болады.

Төлемнің кірістілігі мен кезеңділігі

Бұл пункт көптеген адамдар үшін ең басты пункт болып табылады. Облигацияларды тартымды ететін жоғары пайызбен жасалған дәл осындай тиімді шарттар. Таңдалған бағалы қағаз бойынша төлемдердің кезеңділігіне де назар аудару маңызды.

Freedom Finance SPC Ltd облигациялары бойынша кірістілік жылдық 12% немесе ай сайын 1% болады (айналыстың алғашқы екі жылында). Қағаздар бойынша төлемдер ай сайын жүргізіледі.

Айналыстың келесі үш жылы ішінде облигациялар бойынша купондық сыйақы ставкасы облигациялар айналысының екінші жылының аяғында қалыптасқан АҚШ Федералдық резервтік жүйесінің базалық ставкасын негізге ала отырып айқындалатын болады. Бұл ретте Freedom Finance SPC Ltd облигацияларын ұстаушыларға олардың облигацияларын айналыстың екінші жылының соңында эмитентке сатуға мүмкіндік (опцион) беріледі.

Орналастыру және сақтау алаңы

Оның үстіне сіздерді қызықтыратын қағаздардың қандай алаңда шығарылатынын зерттеу қажет. Біздің елімізде олар екеу – Қазақстан қор биржасы (KASE) және Астана халықаралық қаржы орталығының (AIX) биржасы.

Freedom облигациялары AIX алаңында MFTSA ережелері мен заңнамасы бойынша шығарылатын болады. Үлкен артықшылықтардың бірі – осы жерде сатып алынған облигациялар бойынша табыстарға салық салынбайды (тек ҚР резиденттері үшін ғана қолданылады). 

Облигацияларды қалай сатуға болады?

Қағаздарды сатып алған кезде шарттармен мұқият танысқан жөн. Облигациялармен жұмыс жасаған кезде кез келген табысты инвесторға ең керегі – уақыт пен шыдамдылық. Эмитент өз қағаздарын кейіннен сату үшін сатып алушыларға көрсеткен ең аз мерзім бойы күтуге дайын болыңыз. Облигацияларды сатуға сұраным шарттар сақталған кезде брокер арқылы беріледі.

Getty Images/CHUYN

Егер FRHC-ден тиімді долларлық ұсынысты қарастыратын болсақ, екі жылдан кейін инвесторлар облигацияларды бір қағазға 100 АҚШ доллары номиналды құны бойынша сатып алуды ұсына алады.

Жалпы облигациялар - бұл айтарлықтай сенімді құрал, ол нарықтағы тұрақты өзгерістерге, мысалы, акцияларға тәуелді емес. Олар консервативті инвестор портфелінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бірақ, кез келген бағалы қағазды таңдағандай, ашық көздерден алынған барлық мәліметтер мен деректерді егжей-тегжейлі зерделеу қажет. Есесіне дұрыс таңдау жасап, сіз ұйықтап жатқанда ақшаңыз сізге жұмыс істейтін болады.

*Нарық және бағалы қағаздар бойынша жалпы ұсынымдарды бере отырып, Freedom Broker инвестициялау бойынша дербес ұсынымдар немесе кеңестер бермейді және сіздің жеке жағдайларыңызды немесе инвестициялық міндеттеріңізді ескермейді. Ұсынымдар қандай да бiр бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату жөнiндегi ұсыныс болып табылмайды. Компания кез келген ұсынымдар, болжамдар және компанияның ұсынымындағы өзге де ақпарат негізінде жасалған бағалы қағаздармен операциялар жасау нәтижесінде туындаған қандай да бір залалдар үшін жауапты болмайды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -