Тазы – Қазақстанның баға жетпес мұрасы: Стамбулдағы фотокөрме

7513

«Желден де жүйрік Тазы» -Түркияда Қазақ мұрасы насихатталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Стамбулдың тарихи орталығы Гюльхане саябағында «NOMAD» ұлттық аңшылық клубы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Желден де жүйрік Тазы»» атты бірегей фотокөрмесі өтті. Іс-шара қазақ халқының табиғатымен үндескен құмай тазыға арналған. Тазы аңшылық пен саятшылықпен қоса, ұлтымыздың мәдениеті мен тарихының бір бөлігі. Кейінгі уақытта тазыларлдың сиреп кеткені жасырын емес. «Nomad» қоғамдық берлестігі 2010 жылдан бастап осы қазақ тазысының санын қалпына келтіруге, дамытуға және көбейтуге күш салып келеді. Еліміздегі түрлі іс-шараларға қатысып, тазыны кеңінен насихаттауда.

«Түбі бір түркі елінде өткен көрмеге Найза, Алғыр, Таймас, Шағала, Нейзи, Қаршыға, Басар, Ұшар атты тазыларының саятшылықта, баптау кезіндегі әртүрлі сәттегі фотосуреттерін алып келдік. Стамбул тұрғындары мен шет елдік туристердің қазақтың ұлттық саятшылық өнері мен тазысына қызығушылығы жоғары деңгейде болды» Идеялық шабыттандырушы, Абзал Досыман

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Астанада өткен Наурыз мерекесінде арнайы ұйымдастырылған тазы көрмесінде болып, қазақ тазысын халықаралық деңгейде насихаттаудың маңыздылығын, және де бұл бастамаға Сыртқы істер министрлігі де атсалысуға тиіс екенін атап өткен болатын.

Бұл орайда 2023 жылғы 3 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына біршама өзгерістер енгізе отырып, қазақы ит тұқымдарын сақтап, өсімін молайтудың заңдық негізін айқындаған.

Бұл заң жобасы ғылыми зерттеулер негізінде қазақ ит тұқымдарының сақталуын және өсімін молайтуды, асыл тұқымды жануар туралы шежіре кітап құрастыруды қамтамасыз етуге арналған көп қырлы заң жобасы болып табылады. Сондай-ақ, биыл ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі қазақы ит тұқымдары – тазы мен төбеттің стандарттарын бекітті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -