Қазақстан мен Латвия заңды еңбек көші-қонын қамтамасыз етуге бағытталған

10516
Фотосурет: ҚР ЕХӘҚМ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев Көші-қон мәселелері бойынша Қазақстан-Латвия бірлескен консультацияларына қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы визалық режимді оңайлату, визаға құжаттар беру және осы үдерістегі делдалдардың рөлі, Латвияда жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау мәселелерін қарастырды.

Еңбек саласындағы өзара іс-қимылды жақсарту және екіжақты ынтымақтастық шеңберінде заңды еңбек көші-қонын қамтамасыз ету мақсатында Латвия Республикасындағы қазақстандық еңбекшілердің құқықтарын қорғау және олардың жұмысқа орналасуы үшін жағдай жасауға бағытталған үкіметаралық келісім жасасу мәселелері талқыланды. Мұндай келісімді жасасу қазақстандықтарға Латвияда еңбек қызметін заңды түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Таяу уақытта Еңбекминінің Көші-қон комитеті Латвия тарапына үкіметаралық келісімнің жобасын қарауға жіберетін болады.

 Көші-қон мәселелері бойынша келіссөздер мен консультациялар жалғасатын болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -