Қазақстан және қытай: студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер

8481
Фотосурет: ҚР ҚХР дағы Елшілігі

Бейжің тіл және мәдениет университетінде ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігінің қатысуымен «Астана» Халықаралық университетінің жанында Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалын ашу туралы келісімге қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қытай университетінің филиалы Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамытуға қажет қытай тілі мен мәдениеті саласындағы мамандарды даярлайтын болады.

Филиал негізінде қытай тілін үйренетін студенттердің білімін тестілеу және бағалау бойынша «HSK Орталығы» (қытай тілін үйрену және тестілеу орталығы) жұмыс істейді. Сонымен қатар, студенттер қос дипломдық бағдарлама бойынша оқуға мүмкіндік алады.

Бейжің тіл және мәдениет университеті - ҚХР Білім министрлігі басқаруындағы Қытайдың ұлттық университеті. Университет гуманитарлық ғылымдар саласындағы Қытайдың жетекші білім беру мекемесі болып табылады. 60 жылдық тарихында университет 300 мыңға жуық шетелдік студенттерді дайындады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -