Қытайда Қазақстанның туризм жылының ашылуы: Бейжіңде гала-концерт өтті

7073
Фотосурет: ҚР ТСМ

28 және 29 наурыз аралығында Бейжіңде Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ашылуы аясында Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен маңызды іс-шаралар өтті. Қазақстан делегациясы қатарында министрлік, туризм, бизнес, спорт пен өнер саласының өкілдері бар, деп хабарлайды DKNews.kz. 


Жылдың ресми ашылуы халықаралық туризм мен инвестицияларға арналған форумнан басталса, жалғасын Қазақстан көрмесі мен этно-ауылдағы мәдени іс-шаралардан тапты.


Бүгін Қазақстан туризмі жылы ресми ашылуының гала-концерті Бейжіңдегі China National Opera House опера театрында өтті. Салтанатты кеште отандық әртістер халқымыздың мәдениеті мен өнерін үлкен қауымға паш етті.


Қытай сахнасында Роза Рымбаева, Майра Мұхамедқызы, Зарина Алтынбаева, «Ұлытау» тобы, «Сазген сазы», Әли Оқапов, Рухия Байдүкенова мен Ақбике Алғи сияқты өнер майталмандары көрермендерді өз өнерімен тәнті етті. Әншілеріміз қытай халқына құрмет ретінде оларды ұлттық әндерін де шырқады. Қонақтар қытайлық әртістердің де өнерін тамашалады.


Оған қоса, жиналған қауым Астана балет, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театр ұжымдарының би мен хор өнеріне куә болды. Гала-концертпен бірге Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ашылу салтанаты да өз мәресіне жетті.

Бұл күндері өткен іс-шаралар екі елдің ынтымақтастығын нығайтып, өзара мәдени, туристік қызығушылығын одан сайын арттыруына септігін тигізетіні сөзсіз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -