Сианда "Орталық Азия – Қытай" Хатшылығы жұмысқа кірісті

13156
Фотосурет: ҚР СІМ

Сиань қаласында «Орталық Азия – Қытай» Хатшылығының салтанатты ашылу рәсімі өтті, оған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев, Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Сунь Вэйдун және ҚХР-дағы Орталық Азия елдерінің елшілері қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ә.Бақаев өз сөзінде өткен жылы «Орталық Азия – Қытай» мемлекет басшыларының бірінші саммиті өткенін, оның барысында «Сиань декларациясына» қол қойылғанын, сондай-ақ Хатшылық құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілгенін атап өтті. Орталық Азия елдері мен Қытайдың тарихи қарым-қатынастарын ескере отырып, Хатшылықтың штаб-пәтері орналасатын жері ретінде Сиань қаласы таңдалды.

Қазақстандық дипломат Хатшылықты құру тығыз өзара іс-қимылдың жаңа бағыты болғанын және өңірлік саясаттың маңызды факторына айналатынын атап өтті.

Сөз соңында Ә.Бақаев ұйымдастырушыларға және барлық қатысушыларға іс-шараның ашылу салтанатына қатысқаны үшін алғысын білдіріп, екі ел халықтарының игілігі жолындағы жұмыстарына табыс тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -