Достық дәстүрлері: Қазақстанның Беларуссиядағы Елшілігі Наурызды балалар үйінде өткізді

14157
Фотосурет: Gov

Қазақстан дипломаттары Минск қаласының №5 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен және педагогикалық ұжымымен бірлесіп, Наурыз мерекесін ұйымдастырды.

- Біз бүгін, халқымыздың жаңа жылдық мерекесінде балалар үйінде болғанымызға қуаныштымыз. Осы көктем күні сіздермен бірге болу жақсы дәстүрге айналуда, - деді Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Ерлан Байжанов.

-Наурыздың қасиетті мағыналарының бірі - жарық күштердің қараңғылық күштерді жеңуі, табиғат пен адамның жаңаруы. Біз бұл мереке халықтарымыздың достығының айғағы ретінде сіздердің естеріңізде қалсын дейміз.

Беларусь ұжымы осы ежелгі мерекені тойлау әдет-ғұрыптарын жақсы зерттеді: балалар қонақтардың келуіне барлық бөлмелерді гүл шоқтарымен безендірді, концерттік нөмірлер, тақырыптық суреттер мен қолөнер көрмесін дайындады. Қазақстандық дипломаттар балалардың қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен дәстүрлері туралы білімдерін тереңдетуге тырысты. Оларға қазақстандық режиссер, ақын Бақыт Қайырбеков түсірген «Наурыз» деректі фильм көрсетілді.

Бірлескен концерттік бағдарламада белгілі қазақ композиторлардың күйлері шырқалды, Беларусь жоғары оқу орындарының қазақстандық студенттері «Қамажай» және «Қара жорға» билерін орындады. Елшіліктің шақыруымен концертке Беларусь музыка академиясының Ішекті халық аспаптар ансамблі қатысты, олар қазақ домбырасында ойнауды меңгеріп, Беларусь композиторы Владислав Кирченконың «Қазақстанның халық әуендеріне қиял» композициясын орындады.

Дәстүр бойынша балаларға ұлттық дастархан жайылып, дипломаттар дәстүрлі «Наурыз көже», палау, бауырсақ, хош иісті кондитерлік өнімдер дайындады.

Қалыптасқан тәжірибеге сәйкес Қазақстан Елшісі балалардың үздік өнер туындыларына сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ, ол балалар үйінің болашақ түлектерімен қоштаса отырып, тәуелсіз өмір қарсаңында оларға өмірлік жолының басында жақсы көмек болатын тұрмыстық заттар сыйға тартты.

Сонымен қатар балалар үйіне Беларусь БТА банкінің қайырымдылық көмегінің арқасында сатып алынған соңғы үлгідегі түрлі-түсті принтер ұсынылды.

- Мұндай іс-шаралар балалардың жан-жақты дамуы үшін өте маңызды. Олар өздерінің көзқарастарын кеңейтіп, үйреншікті шекараларын ілгерілетіп, ұлтаралық қатынастардың, толеранттылықтың, басқа елдер мен дәстүрлерге деген қызығушылықтың маңыздылығын түсінуге баулиды, - деп атап өтті №5 балалар үйінің директоры Наталья Хурсевич.

Наурыз мерекесіне орай, Педагог София Карбанович пен тәрбиеленуші Алина Лелештің дуэті М.Поздняков, У.Есдәулет, А.Аспандиярованың сөзіне және Р.Абдулхаликовтың музыкасы жазылған «Қазақстан-Беларусь достығы гимні» музыкалық композициясын орындады .

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -