ҚР СІМ Иранның Сириядағы консулдығына шабуыл жасау туралы мәлімдеме жасады

11110
Фотосурет: ҚР СІМ

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Сириядағы Иран Елшілігінің консулдық бөліміне жасалған шабуылға қатысты мәлімдемесі, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Сирия астанасы Дамаск қаласындағы Иран Елшілігінің консулдық бөліміне жасалған шабуылды айыптайды. Дипломатиялық миссиялар мен олардың қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық пен агрессия актілерінің кез келген көрінісіне жол беруге болмайды деп санаймыз. Мұндай әрекеттер дипломатиялық және консулдық нысандардың қауіпсіздігіне кепілдік беретін халықаралық құқықтың негіздері мен нормаларын бұзады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -