Қазақстан мен Молдова өзара іс-қимылды нығайту ниетін растады

4147
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Молдова өзара іс-қимылдың барлық салаларын нығайтуға ниетін растады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Серджиу Миховпен кездесті.

Сұхбат барысында халықаралық ұйымдарда өзара қолдауды қоса алғанда, екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен даму перспективалары талқыланды.

Тараптар экономикалық байланыстарды дамытудың белсенді серпіні байқалғанын атап өтті, сондай-ақ өзара іс-қимылдың барлық салаларын нығайтуға ниет білдірді.

Қазақстан Елшісі Молдованың Астанада елшілік ашу ниетін құптай отырып, бұл Астана мен Кишинёв арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың ғана емес, өңіріміздің басқа елдерімен де дамуына одан әрі серпін беретінін атап өтті.

Қазақстандық дипломат елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалар туралы айтып берді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-ЖомартТоқаев қойған Қазақстанның жаңа экономикалық бағытының негізгі міндеттеріне ерекше назар аударылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -