Қазақстан мен Пәкістан Көлік саласында ынтымақтасуға ниетті

10450
Фотосурет: ҚР СІМ

Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістан теміржол Министрінің бірінші орынбасары Сайед Али Шахпен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Келіссөздер барысында пәкістандық тарап елдің теміржол желілерін оңалту және кеңейту үшін шетелдік инвесторларды тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Осыған байланысты, С. Шах Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастықты жандандыруға терең қызығушылық білдірді, оны жолға қоюы екіжақты және өңіраралық сауданы сапалы жаңа деңгейге шығаруға ықпал етуі мүмкін.

Е. Қыстафин айтылған тәсілдерді қолдап, көлік және өңірлік өзара байланыс жөніндегі Бірлескен жұмыс тобы шеңберінде де, екі елдің теміржол ведомстволары арасында да диалогты нығайту қажеттігіне назар аударды.

Жалпы, тараптар көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимыл үшін, оның ішінде Пәкістанның Карачи және Гвадар теңіз порттарына шығуын ескере отырып, Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін елеулі әлеуетті атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Пәкістанның уәкілетті мемлекеттік органдары мен мүдделі ұйымдары деңгейінде келіссөздер ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -