Корей көктемінің атмосферасына ену

3850

4 сәуір күні Корей мәдени орталығы Maqsut Narikbayev университетінің «Hangyu» студенттік клубымен бірлесе отырып, университетте «Cherry Blossom Festival» іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Cherry Blossom фестивалі көктем мезгілінің келуін атап өтетін MNU университетінің жыл сайынғы мәдени іс-шарасы. Іс-шара аясында корей дәстүрлі түйін білезіктерін жасау, ұлттық «такчичиги» және «коңгинори» ойындарын ойнауды қамтитын корей мәдениетімен танысу бойынша түрлі мәдени бағдарламалар ұсынылды.

Гүл бүршіктеріне ұқсас түйіндерді тоқып, ұлттық ойындарға қатысқан студенттер корей мәдениетімен танысуға және жақындай түсуге мүмкіндік алды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -