Жеңіс символы: Венада Кеңес әскерлерінің азат етілуінің 79 жылдығы атап өтілді

3674
Фотосурет: Gov

Венада қаланы азат еткен кеңес жауынгерлерін еске алды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Вена қаласын фашизмнен азат етудің 79-шы жылдығына орай Шварценбергплац орталық алаңында орналасқан кеңес жауынгерлеріне арналған мемориалға гүл шоқтары қойылды. Бұл шараға Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елшіліктері қатысты.

Кеңес әскерлеріне арналған ескерткіш 1945 жылы салынған. Бұл мүсіндік құрылыс нацизмнен босату символын бейнелейді. Аустрия астанасы үшін шайқаста 14 мыңға жуық кеңес жауынгерлері мен офицерлері қаза болды, оның ішінде мыңнан астамы – қазақ жауынгерлер.

Қазақстанда сол күндердегі ерлік пен қайғылы оқиғаларды біледі және ұмытқан емес. Өз өмірлерін құрбандыққа шалып, Аустрия халқына бейбітшілік және тәуелсіздік әкеліп, Еуропаны фашистік әскерлерден босатқан кеңес жауынгерлерін Аустрияда еске алып, құрметпен қарайтыны, өте маңызды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -