Қазақстан мен Ресей ШЫҰ аясындағы өзара іс қимыл мәселелерін талқылады

448
Фотосурет: ҚР СІМ

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденконың қатысуымен Азиялық бағыттағы көпжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша консультациялар өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара шеңберінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі, сондай-ақ басқа да өңірлік ұйымдар аясындағы ынтымақтастық мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.

Делегация басшылары өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз етуде, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуда және мәдени байланыстарды нығайтуда екі елдің дәстүрлі сындарлы өзара іс-қимыл бойынша мәселелер аталып өтті.

Тараптар аса жоғары және жоғары деңгейдегі кезекті екіжақты кездесулердің кестесі бойынша пікір алмасты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -