Перспективалы жобалар: Сервантес институтының Қазақстандағы филиалын ашу

503
Фотосурет: ҚР Испаниядағы елшілігі

Қазақстан Елшісі Данат Мұсаев Испания СІМ Әлемде испан тілін ілгерілету жөніндегі Бас директоры Гильермо Эскрибаномен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Келіссөздердің тақырыбы лингвистика саласындағы перспективалы жобалар болды. Атап айтқанда, Сервантес институтының Қазақстандағы өкілдігін ашу және бірлескен кітаптар шығару мүмкіндіктері талқыланды.

Қазақ дипломаты Қазақстанда шетелдік институттар филиалдарының ашылуы, сондай-ақ әлемдік жетекші ғылыми жұмыстар мен шығармаларды қазақ тіліне аудару жобасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Өз кезегінде Бас директор испан тілін ілгерілету үшін елеулі әлеуеттің бар екендігін атап өтті. Г.Эскрибано өзара тиімді жобаларды, соның ішінде алғашқы қазақ-испан сөздігін шығаруда бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жоғарыда аталған мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жалғастыру туралы келісті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -