Қазақстан Ауғанстанға заманауи технологияларды енгізуге көмектеседі

882
Фотосурет: Үкіметінің Баспасөз қызметі

Қазақстан Ауғанстанға «электрондық үкіметті» дамытуға көмектеседі, деп хабарлайды DKNews.kz.

Вице-премьер Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегацияның Ауғанстанға ресми сапары аясында «электрондық үкімет» бойынша отандық әзірлемелердің ең үздік шешімдері таныстырылды.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілдері Data Lake, Smart Bridge және Gov.kz сияқты үздік қазақстандық шешімдерді енгізудің мүмкіндіктері мен экономикалық тиімділігін көрсетті. 

«Бүгінде Қазақстан мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа көшіру бойынша әлемде алғашқылардың қатарында. Біз тәжірибемізбен бөлісуге және ауған серіктестерімізге үздік тәжірибелерді беруге дайынбыз. Біз үшін тағы бір басым бағыт - мектептерге интернет қосу болып табылады. Біз барлық оқушылардың білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті қолдауды көрсетуге дайынбыз» Вице-премьер Серік Жұманғарин

Сондай-ақ қазақстандық делегацияның ресми сапары барысында тараптар «Қазақтелеком» АҚ мен «Ауғантелекомның» коммерциялық ынтымақтастығы аясында Ауғанстанға интернет трафигін 60-тан 100 Гбит/с-қа дейін кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

Бүгінде Қазақстан онлайн қызметтерді дамыту деңгейі бойынша БҰҰ рейтингінде 8-орында, ал жалпы рейтингте - «электрондық үкіметті» дамыту индексі бойынша 28-орында. Мемлекеттік қызметтердің 94% автоматтандырылған және электрондық форматқа көшірілген. 2023 жылы ІТ-өнімдер мен қызметтер экспорты 5 есеге артып, $500 млн-ға жетті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -