Қазақстан ЕҚЫҰ конференциясына қатысты

5192
Фотосурет: Gov

Венада ЕҚЫҰ Қауіпсіздік саласындағы мәселелеріне шолу жөніндегі жыл сайынғы конференция өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілдігі Қауіпсіздік саласындағы мәселелеріне шолу жөніндегі жыл сайынғы конференцияға қатысты. Бұл форум 2003 жылдан бастап жыл сайын қатысушы мемлекеттердің міндеттемелерінің орындалуына шолу жасау және ЕҚЫҰ-ның әскери-саяси қауіпсіздік, жанжалдарды реттеу және жаңа қатерлер мен сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы кеңістігіндегі ахуалды қарастыру үшін өткізіліп келеді.

ЕҚЫҰ-ның  Іс басындағы төрағасы, Мальтаның сыртқы және еуропалық істер және сауда министрі Иэн Борч іс-шараның ашылуында сөйлеген сөзінде геосаяси шиеленістер мен қақтығыстарды қоса алғанда, өңірлік қауіпсіздікке төнетін көптеген қатерлер жағдайында конференция өткізудің өзектілігін атап өтті.

“Біз барлық 57 қатысушы мемлекеттің Еуропадағы қауіпсіздік жағдайы, біздің алдымызда тұрған қиындықтар және бүкіл өңірімізде бейбітшілікті қалпына келтіру және қолдау үшін қажет қадамдар туралы диалогқа түсуге дайын екендігін құптаймыз” ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Министр Борч

“ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Мальта Ұйымның қақтығыстарды реттеу, қару - жарақты бақылауды күшейту және бүкіл ЕҚЫҰ аймағында бейбітшілікке, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа төнетін трансұлттық қатерлерді жоюға жан-жақты және инклюзивті тәсілді енгізу жөніндегі күш-жігерін ілгерілетуді жалғастырады” Министр Борч

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -