"Астана Опера" Словенияны жаулап алды

4202
Фотосурет: ҚР МАМ баспасөз қызметі

«Астана Опера» балет труппасы Люблянадағы 72-ші Халықаралық жазғы фестивальде «Спартак» қойылымын сахналап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Цанкарьев дом» мәдени орталығының сахнасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Бақтияр Адамжан, Мәдина Өнербаева, Әйгерім Бекетаева өнер көрсетті. Арман Оразов Красстың рөлін, ал Серік Нақыспеков Гладиаторды сомдады.

Қойылымды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының дирижері Абзал Мұхитдиннің жетекшілігімен Словен филармониялық оркестрі мен әйелдер хоры сүйемелдеді.

Люблянадағы халықаралық жазғы фестивальге жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен көрнекті әртістер мен ұжымдар қатысады. Аталмыш фестиваль – Еуропадағы ең беделді мәдени іс-шара. Бүгін осы фестивальде театрдың XI театр маусымын аяқтайтын «Астана Опера» балет труппасының екінші және қорытынды қойылымы өтеді.

Айта кетейік, бұл қазақстандық ұжымның алғашқы еуропалық туры емес. Бұған дейін «Астана Опера» әртістері Италия, Испания және басқа елдер сахнасында сәтті өнер көрсеткен болатын. Балет труппасының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Алтынай Асылмұратова ұсынылған бағдарламалар жоғары деңгейде дайындалғанын атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -