Қазақстан ДСҰ-мен болашақ ынтымақтастықты қалай көреді

3124
Фотосурет: ҚР СІМ

Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Әсет Ерғалиев ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо- Ивеалаға сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сұхбат барысында Н. Оконджо-Ивеала Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әділ бәсекені күшейтуге, кәсіпкерлік еркіндікті сақтауға және мемлекеттің экономикадағы үлесін азайтуға бағытталған экономиканы ырықтандыру бойынша жүргізіп жатқан реформаларын жоғары бағалады.

Өз кезегінде, ҚР Тұрақты өкілі Әсет Ерғалиев 2015 жылы ДСҰ-ға кірген сәттен бастап Қазақстан болжамды көпжақты сауда жүйесін дәйекті және белсенді қолдайтынын атап өтті.

Бұған дейін Қазақстан ДСҰ-ның Cауда және қоршаған орта жөніндегі комитетінің жұмысына төрағалық еткен, 2018 жылдан бастап біздің еліміз ДСҰ-ның Қызметтер саудасы жөніндегі арнайы сессиясын басқарды. Қазақстан сондай-ақ Орталық Азия елдерінің ұйымға кіруіне тұрақты жәрдем көрсетеді және теңізге шыға алмайтын дамушы елдердің мүдделерін білдіреді. Сонымен қатар, өткен жылы Қазақстан ДСҰ-ның Сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі келісімі шеңберінде өз міндеттемелерін толығымен орындады.

Бұдан басқа, аталған кездесу барысында ҚР Тұрақты өкілі Ә.Ерғалиев ДСҰ-ның Бас директорына Қазақстанның ДСҰ-ның балық аулау субсидиялары бойынша келісімін қабылдағаны туралы құжатты табыс етті.

Бұл Келісім БҰҰ-ның балық аулауға қауіпті субсидияларды қысқарту жөніндегі тұрақты дамуының 14.6 мақсатына қол жеткізуге ықпал етеді. Аталған Келісімнен ішкі су айдындарында аквамәдениет пен балық аулауды дамытуға субсидиялар алынып тасталғанын атап өту маңызды.

ДСҰ Бас директоры Н.Оконджо-Ивеала Қазақстанның осы Келісімге қосылуының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел ретінде БҰҰ-ның балық аулауға қауіпті субсидияларды қысқарту жөніндегі мақсатына қол жеткізуге елеулі үлес қосатынын айта кетті.

Жалпы, ҚР балық аулау субсидиялары жөніндегі келісімді қолдаған ДСҰ-ның 78-ші мүшесі болды. Бұл Келісім ДСҰ мүшелерінің үштен екісі, яғни 164 елдің 109-ы қабылдаған кезде автоматты түрде күшіне енеді. Қазақстанда балық шаруашылығын субсидиялау көзделмеген, сондықтан, аталған Келісім ҚР балық шаруашылығын субсидиялау жөніндегі заңнамасына қайшы келмейді.

ДСҰ-ның бұл Келісімі дүниежүзілік мұхитқа шыға алмайтын және теңіз құқығы жөніндегі халықаралық конвенциялардың қолданысына жатпайтын құрлық ішілік су айдыны мәртебесі бар Каспий теңізіне қолданылмайды. Каспий теңізі – жер бетіндегі ең ірі тұйық су айдыны, ерекше құқықтық мәртебеге ие, теңіз де, көл де болып саналмайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -