Тегеран Астанамен байланысты кеңейтуге ерекше көңіл бөледі

3278
Фотосурет: ҚР СІМ

Қазақстанның Тегерандағы Елшісі Оңталап Оңалбаев Иран Ислам Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Мохаммад Мохберге Сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында Елші О.Оңалбаев ИИР Президентінің міндетін атқарушы М.Мохберді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы ақпараттандырды. Сонымен қатар, екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени ынтымақтастықты одан әрі жандандыру қажеттігін атап өтті.

Сұхбат барысында ИИР Президентінің міндетін атқарушы М.Мохбер достас Қазақстанмен көпқырлы ынтымақтастықты дамыту Иранның сыртқы саяси басымдығының бірі екенін мәлімдеді. Тегеран Астанамен достық және тату көршілік байланыстарды одан әрі нығайту мен кеңейтуге ерекше назар аударатынын жеткізді.

Кездесу соңында М.Мохбер Қазақстан Елшісінің Ирандағы дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайту және кеңейту бағытында жан-жақты қолдау және қолғабыс көрсетуге дайын екенін айтты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -