Канадада алғаш рет Қазақстаннан театр өнер көрсетеді

2541
Фотосурет: Алматы әкімдігі

Мемлекеттік қуыршақ театрының әртістері 3-4 шілдеде Канада көрермендеріне «Ромео және Джульетта» қойылымын ұсынады, деп хабарлайды DKnews.kz.

88-ші театр маусымын аяқтаған театр ұжымы Оттавада өтетін The First international Ottawa Puppet фестиваліне қатысып жатыр.

«Біз қуыршақ театрының жан-жақты дамуына үлкен мән береміз. Біздің әртістер осы маусымда Германия, Түркия және Ресейдегі бейінді мекемелерде білім алып қайтты. Одан бөлек, шығармашылық ұжым ыңғайлы жағдайда жұмыс істеуі үшін, әкімнің тапсырмасы бойынша, театр ғимаратын жөндеу және техникалық жабдықтарын жаңғырту жұмыстарын жүргіздік. Тағы бір жақсы жаңалық — театр маусымының басында әртістердің жалақысы 30% артты. Жалпы, біз жемісті нәтижеге жеткізетін барлық бастамаларды қолдауға дайынбыз», - деп хабарлады Алматы қаласы Мәдениет басқармасы.

Канадалық фестивальге қатысу үшін Қуыршақ театры өзінің репертуарынан «Ромео мен Джульетта» спектаклін таңдады, оның режиссері – Дина Жұмабаева. Шығармашылық топтың шеберлігі мен біліктілігінің арқасында дәл осы қойылым бұған дейін де беделді республикалық және халықаралық фестивальдарда көптеген марапатқа ие болды. Мәселен, Болгарияда өткен «Алтын дельфин» Халықаралық театр фестивалінде «Гран-При», «Үздік ер адам рөлі» және «Үздік дебют» сыйлықтарын және «Сын - шын болсын» республикалық театр фестивалінде «Гран-При» жеңіп алған еді.

Айта кетейік, Қуыршақ театры – канадалық көрермендер алдында өнер көрсететін Қазақстанның алғашқы театры.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -