Адам құқықтары туралы қазақстандық заңдар БҰҰ-да танылды

5093
Фотосурет: Gov

Қазақстанның адам құқықтарын қорғаудағы жетістіктері Женевада жоғары бағаланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Женевадағы БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Тюркпен кездесу барысында әңгімелесушіні Қазақстанның адам құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасындағы соңғы өзгерістер, сондай-ақ еліміз делегациясының БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіндегі жұмысы туралы хабардар етті.

Женева, 2024 жылғы 2 шілде – Женевадағы БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Тюркпен кездесу барысында әңгімелесушіні Қазақстанның адам құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасындағы соңғы өзгерістер, сондай-ақ еліміз делегациясының БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіндегі жұмысы туралы хабардар етті.

Атап айтқанда, Е.Әлімбаев тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялау деп аталып кеткен әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ журналистер үшін қосымша құқықтық кепілдіктер белгілейтін БАҚ мәселелері бойынша елімізде қабылданған заңдар туралы айтып өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясын алғаш рет Брайль тілінде басып шығарылғанын айтты.

Бұдан басқа, тараптар Адам құқықтары жөніндегі кеңестің 56-шы сессиясы барысында жаһандық құқық қорғау алаңында алғаш рет ұсынылған Қазақстанның тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес жөніндегі бірлескен мәлімдемесін де талқылады. Құжат БҰҰ-ға мүше 62 мемлекеттің қолдауын тапты.

Жоғарғы комиссар Ф. Тюрк еліміздің адам құқықтары мәселелерін ілгерілету бойынша күш-жігерін, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі кеңестің жұмысына қосқан үлесін құптады. Ол әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау саласындағы прогрессивті заңды толық және тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесі (БҰҰ АҚК) Бас Ассамблеяның 2006 жылғы 15 наурыздағы 60/251 резолюциясына сәйкес құрылып, бүкіл әлемдегі адам құқықтарын жалпыға бірдей құрметтеуге және қорғауға, адам құқықтарының бұзылуына байланысты жағдайларды қарауға, сондай-ақ тиісті ұсыныстар дайындауға жауапты БҰҰ жүйесінің үкіметаралық органы болып табылады. БҰҰ АҚК оның алдында жұмыс істеген БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комиссиясын алмастырды. Кеңес құрамына 47 мүше мемлекет кіреді, олар тікелей жасырын дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен үш жылға сайланады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -