Энергетика және экономика саласындағы ынтымақтастық: Қазақстан мен Солтүстік Македония кездесуі

8503
Фотосурет: Gov

Қазақстан Елшісі Солтүстік Македония Республикасының Сыртқы істер министрімен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

 Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македонияның жаңадан тағайындалған Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунскимен кездесті.

Елші дипломатқа Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің құттықтау хатын табыстап, Солтүстік Македония СІМ қызметіндегі жаңа стратегиялық маңызды сыртқы сауда бағытының сәтті жүзеге асуына тілектестік білдірді.

Министр Муцунски Қазақстанның Скопьеде жаңа Елшілігінің ашылуын ризашылықпен құптай отырып, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кең ауқымын ілгерілетуге қолғабыс көрсетуге дайын екенін білдірді.

Дипломаттар жақын арадағы күн тәртібінде экономика және энергетика саласындағы, сондай-ақ гуманитарлық жобаларды, соның ішінде азаматтардың өзара сапарларының шарттарын зерделеп, қарастыруға келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -