ТМҰ елдерінің еріктілері озық тәжірибелерімен алмасады

3993
Фотосурет: Gov

Қырғыз Республикасының Шу облысында түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасында жас волонтерлерге арналған халықаралық мектеп өтуде, деп хабарлайды DKnews.kz.

Аталған іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түрікменстан және Өзбекстаннан 100-ге жуық қатысушы жиналды.

Іс-шараға волонтерлік ұйымдардың, мемлекеттік құрылымдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ТМҰ елдерінің белсенді азаматтары мен жастары қатысуда.

Мектеп халықаралық ынтымақтастықты нығайту және еріктілік саласындағы озық тәжірибемен алмасу үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады.

Мектеп аясында қатысушылар келесі бағыттар бойынша білім ала алады:

  • Ерікті ұйымдар арасындағы ынтымақтастық пен серіктестікті дамыту.
  • Әлеуметтік, экологиялық және экономикалық мәселелерді шешу үшін волонтерліктің маңыздылығына назар аудару.

Белсенді азаматтық қоғамды қалыптастыру және жастарды волонтерлік қызметке тарту үшін жағдай жасау.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -