Тоқаев өзбек халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

4587
Фотосурет: Akorda

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Өзбекстанның экономикалық және әлеуметтік даму, халықаралық аренадағы беделін нығайту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру бағыттарында толайым табысқа жеткенін атап өтті.

Қазақстан Президенті ғасырлар бойы жалғасқан достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынасты одан әрі жан-жақты дамытуға ниетті екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің жауапты мемлекеттік қызметі табысты болуына және бауырлас өзбек халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -