Қазақстан мен Тула облысы айналымды ұлғайтуда

10186
Фотосурет: kazembassy

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Тула облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Өңір губернаторы Дмитрий Миляевпен кездесу барысында оны облыс басшысылығына өткен сайлаудағы жеңісімен құттықтап, келе жатқан Тула қаласының күнімен де құттықтады.

Тараптар өзара сауда айналымының артқанын айтып, әріптестікті арттыру мәселесін талқылады. Бірінші жартыжылдықта сауда айналымы екі есе өсіп, $104,67 млн долларға жеткен.

Бұл орайда, Қазақстан өңірдің ТМД мемлекеттерімен сауда айналымы бойынша басты серіктестердің біріне айналып, екінші орын алып отыр. Алайда экономикалық байланыстың әлеуеті таусылған жоқ, сондықтан әріптестікті арттыруға мүмкіндік мол.

Тула облысы машина жасауда, құрал құрастыру және металл өңдеуде алда. Қазақстандық компаниялар өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға, бірлескен кәсіпорындарды құруға және перспективалы инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделі.

Екіжақты байланысты жандандыруда өзара сауда бағытында көрме ұйымдастыру сеп болады.

Кездесу барысында тараптар білім беру мен мәдени-гуманитарлық салада әріптестік көкжиегін кеңейтуге дайын екендіктерін жеткізді.

Іскерлік байланыстарды нығайту мақсатында Елші «Азот» ҰАК (аммиак пен азот тыңайтқыштарының ірі өндірушісі), «Аурика» ЖШҚ (Ресейдегі есту аппараттарының жетекші өндірушісі) сияқты кәсіпорындарға барып,  ынтымақтастықты бекіту мәселелерін талқылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -