Торайғыров университетінде Шыңжаңдағы Тарем университеті делегациясының қатысуымен дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қытай Халық Республикасынан келген делегацияны университет хатшысының орынбасары Ю Джун басқарды. Алдымен қонақтарға ToU ауылшаруашылық факультетінің техникалық мүмкіндіктері көрсетілді, содан кейін екі университеттің ынтымақтастық нұсқалары талқыланды.
- Торайғыров университеті әрдайым шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастыққа ашық, - деп атап өтті ауыл шаруашылығы ғылымдарының деканы Тоқтар Бексейітов. - Білім беруді жаһандандыру заманауи сын-қатерлерді талап етеді. Бүгінгі таңда тек университет ішінде жұмыс жасау жеткіліксіз, шетелдік университеттермен және экономиканың нақты секторының қатысушыларымен байланысу қажет. Тек сонда ғана біз нағыз білікті мамандар дайындай аламыз.