Тоқаев ірі неміс компанияларының басшыларымен келіссөздер жүргізді

7953
Фотосурет: Akorda

Мемлекет басшысы Германияның ірі бизнес өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Қазақстан-Германия» бизнес форумына дейін Қасым-Жомарт Тоқаев немістің іскерлік орта өкілдерімен кездесті. Мемлекет басшысының пікірінше, Германияның жетекші компанияларының Қазақстанға келуі екі елдің де экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін көрсетеді.

Президент бизнесмендерге олардың компаниялары инновацияның алдыңғы шебінде келе жатқанын әрі жаһандық тұрақты даму үдерісінде негізгі рөл атқаратынын айтты.

Сонымен қатар Германия Канцлерінің сапары аясында қол қойылған келісімдер мен бірлескен бастамалар Астана мен Берлин арасындағы ұзақмерзімді стратегиялық серіктестікті нығайта түсетініне сенім білдірді.

Бизнес өкілдерінің алдында Германия Федаративтік Республикасының Канцлері Олаф Шольц те сөз сөйледі.

Кездесуге Siemens Energy AG компаниясының басқарма төрағасы, Германия экономикасы Шығыс комитеті төрағасының орынбасары Кристиан Брух, CLAAS Group компаниясының басқарма төрағасы Ян-Хендрик Мор, DB E.C.O. Group компаниясының атқарушы кеңесінің төрағасы, Германия экономикасы Шығыс комитетінің Орталық Азия жөніндегі жұмыс тобының өкілі Нико Варбанофф, SVEVIND Energy GmbH компаниясының президенті, Қазақстанның Саксониядағы құрметті консулы Вольфганг Кропп, Aurubis AG компаниясының басқарма төрағасы Торальф Хааг, Siemens Healthineers AG компаниясының басқарма төрағасы Берндт Монтаг, GP Günter Papenburg AG компаниясының басқарма төрағасы Гюнтер Папенбург, HMS Bergbau AG компаниясының басқарма төрағасы Дэннис Швиндт, KfW Bankengruppe компаниясының Халықаралық қаржыландыру жөніндегі басқарма мүшесі Кристиане Лайбах, KNAUF Gruppe компаниясын басқарушы серіктестердің өкілі Александр Кнауф, Herrenknecht AG компаниясының басқарма мүшесі Мартин-Дэвид Херренкнехт, Ernst Klett AG компаниясының бас атқарушы директоры Филипп Хаусманн, Rhenus SE & Co. KG компаниясының бас директоры Тобиас Бартц қатысты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -