Қазақстан түрік серіктестеріне туристік әлеуетін көрсетуде

8217
Фотосурет: Gov

Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығының бастамасымен және Түркияның туристік агенттіктер қауымдастығының («TÜRSAB») қолдауымен Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін ілгерілету жөніндегі форум өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шараға 100-ден астам туроператорлары, туризм саласының өкілдері және ұлттық авиатасымалдаушылар жиналды. Форум Қазақстанның Түркиядағы туристік бағыттарын ілгерілету және іскерлік байланыстар орнату үшін маңызды алаңға айналды.

Ыстанбұлдағы ҚР Бас консулы Нұриддин Аманқұл Қазақстан мен Түркияның терең тарихи және мәдени байланыстарды біріктіретінін атап өтті. Екі ел де түркі әлемінің бір бөлігі, бұл ортақ дәстүрлер мен мәдени мұрадан көрінеді және мемлекеттер арасындағы, оның ішінде туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Форумда республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалалары, сондай-ақ Маңғыстау, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары ұсынылды. Форумға қатысушылар осы өңірлердің мәдени және табиғи байлығымен, сондай-ақ олардың туристік әлеуетімен танысты.

«TÜRSAB» туризм бойынша мамандандырылған бөлімінің төрағасы Орхан Санджар Қазақстанның түрік туристері үшін тартымды бағыт ретінде ілгерілеуінің маңыздылығын атап өтіп, бұл бағыттың туристік ағымды ұлғайту үшін зор әлеуеті бар екенін атап өтті.

Таныстырылымдардан кейін «B2B» кездесулер өтіп, туроператорлар ынтымақтастық мәселелерін және туристік пакеттердің ықтимал форматтарын талқылады. Талқылау қолданыстағы ұсыныстарды да, туризм саласында бірлесіп жұмыс істеудің жаңа мүмкіндіктерін де қамтыды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -