Қазақстан BTR бойынша әлемнің топ-9 елінің қатарына енді

5797
Фотосурет: Gov

Қазақстан СОР29 аясында БҰҰ РКИК құрамына кіретін 197 елдің ішінен тек 9-ы ғана ұсынған Транспаренттілік бойынша екі жылдық есепті (Biennial Transparency report-BTR1) ұсынған ел болды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Осындай ауқымды жұмысты Жапония, Испания, Түркия, Сингапур және Нидерланды Республикасынан басқа аяқтағандардың қатарында. Мұны БҰҰ РКИК атқарушы хатшысы – Саймон Стил атап өтті.

Бұл Париж келісімінде қойылған Климаттық мақсаттарға қол жеткізу бойынша Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі көшбасшылығын растайды. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде транспаренттілік бойынша екі жылдық баяндаманы (Biennial Transparency report – BTR1) ұсынуға міндетті.

BTR1 парниктік газдарды түгендеу және ОНУВ орындалуын бақылау туралы міндетті ақпаратты қамтиды. Сондай-ақ, BTR 1 климаттың өзгеруінің әсері және технологияларды әзірлеу және беру және әлеуетті арттыру саласындағы бейімделу және қаржылық қолдау туралы ақпаратты қамтиды.

BTR1 әзірлеуді БҰҰДБ «Жасыл даму» АҚ-мен ынтымақтастықта «9-шы Ұлттық хабарлама мен бірінші және екінші BTR дайындау» ЖЭҚ халықаралық жобасы шеңберінде іске асырды.

BTR1 негізгі бөлігі «Жасыл даму»АҚ дайындаған парниктік газдар көздерінен антропогендік шығарындылар және сіңіргіштердің сіңірілуі туралы Ұлттық баяндама болып табылады.

БҰҰ РКИК Хатшылығының сайтында https://unfccc.int/first-biennial-transparency-reports толығырақ танысуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -