Пәкістанның Карачи қаласында еліміздің Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрліктері және қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің өкілдері қорғаныс технологияларымен танысты, деп хабарлайды DKnews.kz.
Karachi Expo орталығында 55 елден 550 халықаралық қорғаныс өнімдерін өндіруші мен жеткізуші өздерінің әзірлемелерін, қару-жарақ пен әскери техника үлгілерін көрсетті.
Көрмеге қару-жарақ пен оқ-дәрілер, ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар, ұрыс алаңын басқару жүйелері, арнайы жабдықтар, өнеркәсіптік және логистикалық қолдау, әскери-теңіз корабльдері және тағы басқа да қорғаныс саласының өнімдері қойылған.
Халықаралық іс-шара аясында өткен халықаралық семинарда қорғаныс технологияларының келешегін қалыптастыратын соңғы жетістіктер мен инновациялар қаралды.