Халал өнімдерін аккредиттеу жаңа деңгейге көтеріледі

2948
Фотосурет: Gov

ҰАО Халал IFHAB аккредиттеу органдары Ислам форумы Бас Ассамблеясының 2-ші отырысына онлайн-форматта қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

IFHAB-тың негізгі мақсаты әлемдік тәжірибедегі шариғат қағидаттары мен техникалық талаптарға сәйкес Халал өнімдері мен қызметтерін аккредиттеудің ашық жүйесін іске асыру болып табылады.

Кездесуде Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің аккредиттеу жөніндегі 27 органы бас қосты.

Қатысушылардың алдында IFHAB Бас Хатшысы Dabr Al Abdullatif сөз сөйлеп, IFHAB-тың жаңа мүшелеріне Әзірбайжанның (AzAK) және Алжирдің (ALGERAC) сәттілік тіледі. Сондай-ақ IFHAB Хатшылығының 2024 жылғы қызметі туралы ағымдағы ақпаратты ұсынды.

Бас Ассамблеяның отырысында IFHAB Жарғысы бекітіліп, комитеттердің төрағалары тағайындалды. Атап айтқанда: MRA комитетінің төрағасы (Өзара тану туралы келісім) Lana Marashdeh (Иорданияның аккредиттеу жүйесі - JAS-AU); Бұқаралық ақпарат құралдары және коммуникация комитетінің төрағасы Naif Alobilan (Сауд аккредиттеу орталығы - SAAC); техникалық комитетінің төрағасы Erdem Basdemirci (Халал аккредиттеу агенттігі - ҰАК).

​​​​​​​Халал IFHAB аккредиттеу органдарының Ислам форумы Ислам ынтымақтастығы ұйымына (OIC) мүше мемлекеттерде Халалдың сапалы инфрақұрылымын бір мезгілде қалыптастыру кезінде шариғат пен техникалық талаптарға сәйкес халал өнімдері мен қызметтері үшін айқын және ашық жүйені енгізуге жәрдемдеседі. Ислам елдері үшін стандарттар және метрология институтымен (SMIIC) ықпалдасу жолымен IFHAB форумы OIC/SMIIC мүше мемлекеттер арасында озық тәжірибені тұрақты дамыту және зерделеу жұмысын жүргізеді. Форум түрлі мүдделі тараптардың: аккредиттеу органдарының, сәйкестікті бағалау органдарының, заң шығарушылардың, тұтынушылардың өкілдігін қамтамасыз етеді және Халал саласындағы өзара сауда мен білімді дамытуды кеңейтуге жаңа мүмкіндік береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -