Қазақстандағы Қытай елшілігі мен Қарағанды техникалық университетіндегі Конфуций институты көркем сурет байқауын жариялады. Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени достықты нығайтуға бағытталған.
Қытай мен Қазақстан — тек шекаралас елдер ғана емес, сонымен қатар ортақ даму мен жаңғыру жолындағы сенімді серіктестер. Осы сенімді байланыстарды одан әрі нығайту мақсатында Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының Елшілігі «Көрші елдермен ортақ тағдыр қауымдастығын құру. Қытай мен Қазақстан – жаңғыру жолындағы серіктестер» тақырыбында мәдени-шығармашылық сурет байқауын бастады.
Байқауды ұйымдастырушылар:
– Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшілігі
– Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіндегі Конфуций институты
Байқаудың мақсаты – Қытай мен Қазақстан арасындағы достық, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты шығармашылық тұрғыда бейнелеу.
Байқауға жасы мен кәсібіне қарамастан барлық Қазақстан азаматтары қатыса алады. Бұл жобаның ерекшелігі – әрбір азамат өз көзқарасын, шығармашылық қиялын және мәдени сезімін білдіре алады.
Байқау форматы: кескіндеме (живопись)
Қолдануға болатын техника: майлы бояу, акварель, қарындашпен салынған суреттер, сондай-ақ Photoshop, Procreate және т.б. арқылы жасалған электронды суреттер.
Жұмыстар Қытайдың қазіргі жаңғыру үдерісін, Қазақстанмен ынтымақтастықты және көршілес елдердің бейбіт әрі жарқын болашағын бейнелеуі тиіс.
Техникалық талаптар:
- Көлденең формат (арақатынас 3:2)
- Ажыратымдылығы кемінде 300 DPI, өлшемі – 2 мегабайттан жоғары
- Файл форматы: JPG, PNG немесе JPEG
- Сапалы скан немесе сандық нұсқа. Жарық біркелкі, сурет анық болуы шарт
- Жасанды интеллектпен жасалған жұмыстар қабылданбайды
- Файл атауы: «Автордың аты-жөні + Суреттің атауы»
- Ұйым тарапынан ұсынылған жұмыстар бір пакетпен жіберілуі керек, ал хаттың тақырыбы – ұйымның атауы
Қатысу тәртібі:
- Осы сілтеме арқылы тіркеу нысанын жүктеп алып, толтырыңыз
- Жұмысыңызбен бірге мына электрондық поштаға жіберіңіз: 1641428981@qq.com
- Хаттың тақырыбында – өз атыңыз жазылуы керек
Тіркелген қатысушылар WhatsApp тобына қосылады, барлық хабарламалар сол жерде таратылады.
Маңызды күндер:
- Жұмыстарды қабылдау: 10 мамыр – 10 қыркүйек 2024 ж.
- Қарау мерзімі: 11 – 20 қыркүйек
- Нәтижелердің жариялануы: 20 қыркүйектен кейін WhatsApp және әлеуметтік желілерде
Нәтижелер қайда жарияланады:
- Қытай елшілігінің Instagram парақшасы: @chinaembkazakh
- Facebook: @ChinaEmbKazakhstan
- Telegram: @CHINAEMBKAZAKHSTAN
- Конфуций институтының Instagram-ы: @confucius_stu
Марапаттар мен жүлделер:
Ұйымдастырушылар 12 үздік жұмысты таңдайды және олар негізінде мәдени-шығармашылық өнім жасалады.
Жүлделер:
- 🥇 Бас жүлде (1 адам): Xiaomi планшеті
- 🥈 2 орын (2 адам): Xiaomi ақылды білезік
- 🥉 3 орын (3 адам): Xiaomi портативті құлаққап
- ✨ Арнайы жүлде (6 адам): Ду Цзиньшеннің панда бейнесіндегі фоторамкасы
Барлық жеңімпаздар мәдени-шығармашылық өнімнің физикалық нұсқасын және Қытай елшілігі берген марапат сертификатын иеленеді.
Маңызды ескертпелер:
- Барлық жұмыстар түпнұсқа болуы тиіс, бұрын еш жерде жарияланбаған
- Плагиат пен ИИ арқылы жасалған жұмыстар қатаң қабылданбайды
- Ұйымдастырушылар авторлық құқықты құрметтеу және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында барлық ережелерді ұстануға шақырады
- Байқауға қатысу – автоматты түрде барлық талаптармен келісуді білдіреді
- Қытай елшілігі байқауға қатысты түпкілікті түсіндіру құқығын өзінде сақтайды
Байланыс:
Конфуций институты, Қарағанды техникалық университеті, Қазақстан
Байланыс тұлғасы: Чжоу Юаньци
WhatsApp: +7 776 737 2055
Email: 1641428981@qq.com
Instagram: @confucius_stu
📥 Тіркеу формасын жүктеу: drive.google.com (тіркеу формасы)