NU жанынан Энергияны сақтау жүйелері бойынша техникалық құзыреттер орталығы ашылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Назарбаев Университетінде «Қазақстан энергетикасындағы BESS энергияны жинақтау жүйелерінің рөлі» атты халықаралық конференция өтті. Іс-шарада Қазақстанның Біріңғай энергожүйесіне энергияны жинақтау жүйелерін (Battery Energy Storage Systems – BESS) енгізу мүмкіндігі басты тақырып болды.
Конференцияға мемлекеттік органдардың өкілдері, жетекші халықаралық компаниялар, зерттеу орталықтары, технологиялық көшбасшылар мен инвесторларды қоса алғанда, 300-ден астам қатысушы жиналды. Қатысушылар бұл технологиялардың энергетикалық жүйенің сенімділігі мен икемділігін арттыру, жаңартылатын энергия көздерін интеграциялау және Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға қалай ықпал ете алатынын талқылады.
Талқылаудың маңызды бөлігін Еуропа, АҚШ және Азия елдеріндегі BESS жобаларын енгізу тәжірибесі, заманауи технологиялар, бизнес-модельдер мен стандарттар, сондай-ақ Қазақстанда аккумуляторлық жүйелерді ауқымды енгізуге қажетті заңнамалық және экономикалық алғышарттар құрады.
«Тұрақты даму мен елішілік құндылықты құруға бағытталған жауапты мультиэнергетикалық көшбасшы ретінде TotalEnergies тек жел парктерін салумен және пайдаланумен шектелмейді. Біз сондай-ақ Қазақстан Республикасына ЖЭК саласындағы өзіміздің озық құзыреттерімізді дамытуға көмектесуге мүдделіміз. Сондықтан біз Назарбаев Университетінде National Laboratory Astana энергетика және жаңа материалдар туралы ғылым орталығының базасында энергияны жинақтау жүйелері бойынша Техникалық құзыреттер орталығын ашу туралы шешім қабылдадық. Бұл республиканың дәстүрлі және жаңартылатын энергияны сақтау және түрлендіру жүйелерін зерттеу жөніндегі әлемдік орталықтардың біріне айналуына көмектеседі деп үміттенеміз» TotalEnergies Renewables Kazakhstan компаниясының бас директоры Тьерри Плезан
Іс-шара аясында Қазақстандағы алғашқы «Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде BESS энергияны жинақтау жүйелерін қолдану» Ақ кітабы таныстырылды.
«Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы мен Huawei компаниясы бірлесіп дайындаған бұл аналитикалық құжатта әлемдегі BESS технологияларын енгізу тәжірибесі, заманауи техникалық шешімдер, халықаралық стандарттар мен Қазақстанда осы саланы құқықтық реттеу бойынша ұсыныстар қамтылған.
«Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы конференцияда біздің сарапшылар әзірлеген «ҚР БЭЖ-де BESS энергияны жинақтау жүйелерін қолдану» атты Ақ кітапты таныстырды. Ақ кітап – бұл BESS технологиясын қолдану мәселесін сипаттайтын талдамалық есеп. Осы есеп шеңберінде өнеркәсіптік ауқымда BESS қолданудың да, «есептегіщ артындағы», яғни тұтынушы деңгейінде BESS пайдаланудың да халықаралық тәжірибесі зерттелді. BESS заманауи технологиялары, олардың нарықтардағы құны, BESS жобаларын іске асыру кезінде қолданылатын халықаралық стандарттар, BESS жүйесіне қойылатын техникалық талаптар бойынша отандық және шетелдік сарапшылардың ұсынымдары, сондай-ақ қазақстандық заңнамада осы технологияларды нормативтік-құқықтық реттеу жөніндегі ұсынымдар сипатталды. Бұл құжат осы технологияларды электр желісіне енгізудің алғашқы практикалық қадамы ретінде үлкен үлес қосады деп үміттенеміз» «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Қапенов
Бағдарламаның маңызды бөлігінің бірі - энергия жинақтау жүйелеріне арналған инновациялар, технологиялар және маңызды материалдар тақырыбындағы ғылыми сессия болды. Сессияны NU профессоры Жұмабай Бәкенов жүргізді. Ол Энергетика және жаңа материалдар ғылымы орталығын басқарады. Оның командасы Орталық Азия өңірінде энергия материалдары мен BESS шешімдерін зерттеу саласында жетекші орын алады. Сессия жұмысына аккумуляторлық технологиялар мен BESS саласындағы халықаралық сарапшылар қатысты.
«Материалтану және инженерия саласындағы зерттеулер BESS үшін неғұрлым тиімді, берік және экологиялық қауіпсіз шешімдер жасауға мүмкіндік береді. Жаһандық энергетикалық ауысу жағдайында технологиялық инновациялар елдердің тұрақтылығы мен технологиялық егемендігінің шешуші факторына айналады. Назарбаев Университеті сияқты жетекші университеттер мен ғылыми орталықтар осы стратегиялық саланы дамыту үшін маңызды ғылыми базаны қамтамасыз етеді. Қазақстан өзінің табиғи ресурстарының, сондай-ақ геосаяси жағдайы мен ғылыми-техникалық әлеуетінің арқасында аккумуляторлар үшін материалдарды – катодты материалдар мен литийді, сондай-ақ басқа да аса маңызды материалдарды жеткізудің жаһандық тізбегінде елеулі әлеуетке ие. Бүгінде шикізатты өндіруді ұлғайту ғана емес, сонымен қатар байыту мен өңдеуден бастап аккумулятор компоненттерін өндіруге және қолданбалы зерттеулер жүргізуге дейінгі қосымша құнның толық циклін дамыту маңызды. Бұл Қазақстанға халықаралық серіктестікте берік ұстанымға ие болуға және экономиканы көміртексіздендіру жөніндегі жаһандық күш-жігерге елеулі үлес қосуға мүмкіндік беред» Профессор Жұмабай Бәкенов
Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан энергетика саласына энергия сақтау жүйелерін интеграциялау бойынша алдағы жұмыстың негізгі бағыттары айқындалған резолюция қабылданды. Конференцияны NU, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы және TotalEnergies Renewables Kazakhstan компаниясы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.
По итогам мероприятия была принята резолюция, в которой зафиксированы ключевые направления дальнейшей работы по интеграции систем накопления энергии в энергетический сектор Казахстана.
Конференция организована Nazarbayev University, Ассоциацией ВИЭ «Qazaq Green» и компанией TotalEnergies Renewables Kazakhstan при поддержке Министерства энергетики Республики Казахстан.