Малайзия – бұл жай ғана бағыт емес. Бұл әрбір мұсылман саяхатшы үшін жайлы, жүрекке жылы саяхаттың мекені, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бұл елге алғаш барғаннан-ақ өзіндік тыныш атмосферасы, табиғаты мен рухани үйлесімділігімен баурап алады. Мұнда сізге қамқорлық көрсетіледі, сізді құрметтейді және өзіңізді бөтен сезінбейсіз.
Халал ас – әр бұрышта
Малайзияда тамақтану мәселесі ешқашан қиындық туғызбайды. Қай жерде болмасын — сауда орталығында ма, көшеде ме, базарда ма — халал тағам ұсынатын орын міндетті түрде табылады. Мұнда малай, үнді, қытай және араб асханалары кең таралған. Дәмі тіл үйіреді, ал тыныш санаңыз – ең үлкен сыйлық.
Намаз оқу – әрдайым қолжетімді
Бұл елде мешіттер мен намазхана бөлмелері көп. Әуежайда, вокзалда, сауда орталығында, демалыс саябағында – қайда болмасаңыз да, намаз оқу үшін жеке орын табылады. Бұл – Малайзиядағы күнделікті өмірдің бір бөлшегі.
Отбасылық демалысқа таптырмас таңдау
Малайзия – отбасымен саяхаттауға өте ыңғайлы ел. Балаларға арналған ойын-сауық орындары, зоопарктер, аквапарктер, қауіпсіз жағажайлар – бәрі бар. Инфрақұрылым жас отбасылардың қажетіне сай ойластырылған.
Табиғаты көз тартарлық
Тропикалық ормандар, таулар мен сарқырамалар, мөлдір көлдер мен жағажайлар – Малайзияның табиғаты кез келген адамды тамсандырмай қоймайды. Табиғатпен етене араласқысы келетіндер үшін бұл – нағыз жұмақ.
Заманауи қала мен дәстүрдің үйлесімі
Куала-Лумпур – биік ғимараттар мен тарихи мешіттер қатар орналасқан қала. Бір сәтте заманауи сауда орталығында жүрсеңіз, келесі сәтте ежелгі мәдениетке еніп кетесіз. Бұл – Малайзияның басты ерекшелігі.
Малайзия – бұл тек демалыс емес, бұл жүрекке жылы әсер қалдыратын саяхат.
Егер сіз жайлы, қауіпсіз, халал, табиғаты әсем әрі рухани бай ел іздесеңіз – Малайзия сізге лайық таңдау.