Алматыдан Вашингтонға дейін: қазақстандық шахматшылар әлемдік тұғырды бағындыруда

1529
Арман Қоржымбаев Бас редактор
Фотосурет: KazChess

WSTC-2025: әлемдік мектеп оқушылары арасындағы шахмат чемпионаты басталды - Қазақстаннан 6 команда бақ сынауда, деп хабарлайды DKNews.kz.

2025 жылғы 3 тамызда АҚШ-тың Вирджиния штатындағы Александрия қаласында (Вашингтонмен шекаралас) әлемдегі ең ауқымды шахмат турнирлерінің бірі - FIDE World Schools Team Championship 2025 басталды. Мектеп оқушылары арасындағы шахматтан әлем чемпионатына 48 елден 55 команда қатысып жатыр. Олардың арасында - Қазақстаннан бірден 6 команда бар.

Қазақстан шахмат картасында

Беделді Episcopal High School кампусында 286 жас шахматшы жиналып, 6 тамызға дейін әлем чемпионы атағы үшін таласады. Қазақстан бұл чемпионатта тәжірибелі құрамдармен қатар ең жас дебютанттармен де лайықты деңгейде қатысып отыр.

Турнир басталар алдында жарияланған рапид рейтингіне қарай, қазақстандық командалар төмендегідей орналасты:

  1. РФММ (Алматы) – мықты фаворит: Эдгар Мамедов (2299), Иманғали Ахилбай (2292), Зарина Нұрғалиева (2152), Әлихан Дәулет (2173), Әдіжан Есенғали (1989), капитан Саят Егенбердиев – 2229.
  2. SEED Educational Complex (Астана) – астаналық үміткерлер: Дәнис Қуандықұлы (2156), Алдияр Сайлаубай (2011), Арсен Айтмұханов (1762), Айлин Заркым (1905), капитан Қуаныш Сүлеймен – 1959.
  3. РФММ-2 (Астана) – Республикалық физика-математика мектебінің екінші құрамы: Ислам Айтен (2045), Владимир Савицкий (1977), Ернұр Ахмедияр (1802), Мәдина Момын (1792), Камила Дүкембаева (1434), капитан Ботақоз Жолғасбаева – 1904.
  4. РФММ-1 (Астана) – жас резерв: Ясмина Алеманова (1886), Мирас Хасенов (1765), Арыстан Жанабаев (1684), Айсара Төенбаева (рейтингсіз), Әсет Мунара (1614), капитан Рахат Қуанышев – 1737.
  5. О. А. Жолдасбеков атындағы №9 IT-лицейі (Шымкент): Бекзатхан Сазантаев (1452), Ахмедияр Суғралиев (1667), Әлихан Жәнібек (1442), Нұрсая Жұмабек (1642), Алдияр Рысбайұлы (1519), капитан Зейнеп Сұлтанбек – 1570.
  6. Д. А. Қонаев атындағы мектеп-гимназия (Ақтөбе): Алдияр Асылбек (рейтингсіз), Аманбек Өтетілеу (1813), Нұрасыл Сапартілеуов (1582), Нұргүл Бауыржан (1446), капитан Бауыржан Жанашов – 1560.

Неге командалардың рейтингтері әртүрлі?

Мұның басты себебі – Қазақстанда бұл чемпионатқа іріктеу екі жас санаты бойынша жүргізілді: U18 (2007 жылдан кейін туғандар) және U12 (2013 жылдан кейін туғандар). Ал Александриядағы турнирде мұндай жас ерекшеліктері жоқ. Турнир регламентінде былай делінген:

«Мүмкіндігінше, команданың құрамында ұлдар да, қыздар да болуы тиіс, сондай-ақ кемінде екі ойыншы 2012 жылы немесе одан кейін дүниеге келген болуы керек» (Where possible, a team shall include both boys and girls, and at least two players born in 2012 or later)

Басты қарсыластар кім?

Қазақстан құрамалары үшін басты бәсекелес - Үндістанның Velammal MHS School (Ченнай) командасы (орташа рейтинг – 2210). Құрамында халықаралық шеберлер Асват С. (рапид – 2369 / классика – 2500) және Илампартхи А. Р. (2358 / 2515) ойнайды. Илампартхи жуырда Өскеменде өткен турнирде 11-орын алса, Асват Франциядағы 10th Noisiel Open 2025 және Германиядағы Grenke Open 2025 жарыстарында жеңіске жетті (соңғысында перфомансы – 2779!).

ТОП-10-ға АҚШ, Латвия, Швейцария, Словакия және Ұлыбританияның беделді мектептері кірді:

  • University High School (Ирвин, АҚШ) – 2007
  • State Gymnasium No 1 (Рига, Латвия) – 1998
  • Kantonsschule Alpenquai (Люцерн, Швейцария) – 1970
  • Gymnázium, Grösslingová 18 (Братислава, Словакия) – 1958
  • Hampton (Лондон, Англия) – 1946
  • The Harker School (Сан-Хосе, АҚШ) – 1944

Турнир қалай өтуде?

Турнир форматы - «төртке төртеу», уақыт бақылауы - рапид 45+10 (әр ойыншыға 45 минут + әр жүріс үшін 10 секунд). Барлығы 8 тур. Алғашқы екі турда үш қазақстандық команда екі жеңіске жетіп, көшбасшылар қатарында тұр.

3-турда көрермендер асыға күтіп отырған ішкі бәсекелестік өтеді - РФМШ (Алматы) мен РФМШ-2 (Астана) өзара кездеседі. Ал SEED Educational Complex (Астана) командасы Жаңа Зеландияның Wellington College мектебімен кездеседі. Бұл команда 1-турда ақтөбеліктерге қарсы ойнап, жеңіске жеткен болатын.

Ашылу рәсімі және алғашқы жүріс

Турнирдің ресми ашылуында беделді қонақтар қатысты: ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович, ISCF (және KazChess) президенті Тимур Турлов, сондай-ақ БҰҰ-да Барбадос елшілігін басқарған, қазіргі білім беру реформалары жөніндегі министр Чад Блэкман.

Алғашқы символдық жүрісті Аркадий Дворкович пен Тимур Турлов 1-турдағы РФМШ (Алматы)Giersings Realskole (Оденсе, Дания) матчы барысында жасады.

«Бүгін біз тек жарысты емес, бүкіл әлемнің ең дарынды әрі жарқын жастарын біріктіретін оқиғаны бастаймыз. Мұнда түрлі елдер мен мәдениеттерден келген балалар бір ережемен ойнайды және бір тілде – шахмат тілінде сөйлейді.

Шахмат – бұл жай спорт емес. Бұл – ойлау жүйесі. Ол тәртіпке, шешім қабылдауға және оның салдарын түсінуге үйретеді. Бұл – өмірде, мамандықта, қоғамда қажет болатын ойлау қабілетін дамытатын ойын. Мен мұны тек федерация басшысы ретінде емес, шахмат ойнайтын баланың әкесі ретінде айтып отырмын» ISCF президенті Тимур Турлов

Smart Moves Summit 2025: шахмат арқылы білімді өзгерту

4–5 тамыз күндері Александрияда Smart Moves Summit 2025 атты халықаралық саммит өтеді. Бұл шара шахматтың білім беру жүйесін трансформациялаудағы рөлін талқылайды.

Басты спикерлер қатарында:

  • Дана Рейзниеце-Озола (Латвия), ФИДЕ вице-президенті
  • Тимур Турлов, KazChess және ISCF президенті
  • Джерри Нэш (АҚШ), ФИДЕ «Chess in Education» комиссиясының төрағасы
  • Роберт Катенде (Уганда), SOM шахмат академиясының негізін қалаушы
  • Хосе Франсиско «Пеп» Суарес (Испания), психолог
  • Дженни Ингбер (АҚШ), Chess in the Schools (Нью-Йорк) ұйымының президенті

Турнирді онлайн бақылаңыз

Матчтардың толық нәтижелері мен тур кестесін мына сілтеме арқылы қадағалауға болады:

FIDE WSTC-2025 – Chess-Results

Қазақстандық командалар чемпионатты жақсы бастап, сенімді ойын көрсетуде. Алда - қызықты кездесулер, эмоцияға толы партиялар және жаңа шахмат жұлдыздары. Біздің спортшыларға сәттілік тілейміз!

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -