Қазақстан мен Қытай «жасыл» пайдалы қазбалар саласындағы әріптестікті нығайтып жатыр

4070
Фотосурет: Gov

Министр Ерсайын Нағаспаев Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлиннің кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында тараптар өнеркәсіп, құрылыс және сәулет салаларындағы екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады. Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың оң динамикасы атап өтілді, оның ішінде тауар айналымының тұрақты өсуі және инвестициялық белсенділіктің артуы.

Стратегиялық серіктестік мәселелеріне, сондай-ақ алдағы екіжақты сапарлар мен бірлескен іс-шараларға дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бірлескен инфрақұрылымдық жобалар аясында ынтымақтастықты дамыту бағыттары, оның ішінде «жасыл» минералдар саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Диалогты жалғастыра отырып, Министр Қытай тарапына ағымдағы жылдың қыркүйек айында Сямэнь қаласында өтетін Жаңа өнеркәсіптік революция бойынша БРИКС серіктестік форумына қатысуға шақырғаны үшін алғысын білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастық саласында белсенді диалогты жалғастыру және жаңа бастамаларды дамыту туралы келісімге қол жеткізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -