Ресей мен Қытай арасындағы қарым-қатынастар өз тарихындағы ең жоғары деңгейге жетті.
CGTN телеарнасындағы кең ауқымды «Идеялардың қуаты» бағдарламасының жаңа шығарылымында Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Ресей-Қытай қатынастары мен қазіргі халықаралық жағдай жөніндегі өз көзқарасын білдірді. Оның айтуынша, әлемдік қауымдастықтың басым бөлігі Ресей мен Қытайға және олардың жаһандық үдерістердегі тұрақтандырушы рөліне үміт артып отыр.
«Біз арқа тіресіп, иықтаса тұрып, әлемнің көпполярлы құрылымын бірлесе қорғап келеміз», – деп атап өтті Захарова.