NU мен HKUST Еуразиялық бизнес бойынша бірлескен бағдарламаны іске қосты

1397
Фотосурет: NU

NU мен HKUST Еуразиялық бизнес бойынша Азиядағы алғашқы бірлескен бағдарламаны іске қосады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Nazarbayev University Жоғары бизнес мектебі (NU GSB) және Гонконг ғылым және технология университеті (HKUST) Еуразиялық бизнес саласында бизнес-әкімшілік (BBA) бойынша бірлескен бакалавриат бағдарламасын ашатынын жариялады. Осыған орай NU GSB мен HKUST Бизнес және менеджмент мектебі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Бұл Азиядағы тұңғыш бағдарлама «Бір белдеу – бір жол» бастамасының (BRI) 10-шы саммитінде таныстырылып, жоғары білім саласындағы серіктестікті нығайтуға ортақ ұмтылысты көрсетті.

Қол қою рәсіміне NU-дің академиялық мәселелер жөніндегі уақытша провосты д-р Loretta O’Donnell; HKUST Business School-дың уақытша деканы профессор. Hui Kai-Lung; NU-дің операциялық директоры Максат Мамашев және NUGSB деканы профессор Joep Konings мен Гонконг үкіметінің «Бір белдеу, бір жол» жөніндегі комиссары Nicholas Ho Lik-Chi; HKUST әкімшілік және бизнес жөніндегі вице-президенті профессор Tam Kar-Yan қатысты.

«Жоғары білім саласындағы ынтымақтастық BRI мақсаттарын ілгерілетуде шешуші рөл атқарады — жаһандық ойлау қабілеті бар мамандарды дайындау, халықаралық мобильділікті дамыту және мәдениетаралық алмасуды тереңдету», — деді HKUST әкімшілік және бизнес жөніндегі вице-президенті профессор Tam Kar-Yan. — «Бұл MoU біздің қарқынды дамып келе жатқан аймақтағы академиялық қатысуымызды кеңейтудегі маңызды қадам болып табылады. Біз бұл серіктестік тек Гонконгтің жаһандық таланттар орталығы ретіндегі орнын нығайтып қана қоймай, сондай-ақ Гонконг пен Орталық Азия арасындағы мамандар алмасуына ықпал етіп, ортақ өсімге, инновацияларға және мәдени түсіністікке серпін береді деп сенеміз».

NU оқу ісі жөніндегі уақытша проректоры д-р Лоретта О’Доннелл былай деді: «ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин алғаш рет “Бір белдеу – бір жол” бастамасын 2013 жылы дәл NU-да жариялаған болатын. Сол тарихи сәт аймақтық байланыстарға жаңа көзқарас қалыптастырды. Бүгінгі серіктестік HKUST-пен бірге осы көрегендікті жалғастырып, жаһандық ойлауды аймақтық ерекшеліктермен ұштастыра білетін болашақ бизнес көшбасшыларын дайындайды. Гонконг пен Орталық Азияны байланыстыра отырып, біз таланттарды дамытуға, инновацияларға және инклюзивті өркендеуге жаңа мүмкіндіктер ашамыз».

NU мен BRI арасындағы тарихи байланыс 2013 жылдан бастау алады, сол жылы ҚХР төрағасы Си Цзиньпин университет қабырғасында «Жібек жолы экономикалық белдеуі» тұжырымдамасын алғаш рет таныстырған еді. Бұл оқиға NU-ді Қытай мен Қазақстан ынтымақтастығының маңызды символына айналдырды.

Жаңа бағдарлама Гонконг үкіметінің «Бір белдеу – бір жол» және «Гонконгта оқы» бастамаларына сай келеді. HKUST қатысушы елдерден талантты студенттерді тартуды күшейтіп, үздік талапкерлерге гранттар мен шәкіртақылар ұсынып, алмасу бағдарламаларын, тағылымдамалар мен практикаларды ұйымдастырады. Бірлескен BBA бағдарламасы 2026 жылы басталады. Бұл HKUST-тің бакалавриат деңгейіндегі алғашқы бірлескен жобасы болып, BRI аясындағы дамушы нарықтарға бағытталады. Меморандум сонымен қатар Орталық Азияда бизнес-инновацияларды дамытуға арналған басшыларға бағытталған бағдарламаларды қамтиды. Оның ішінде NU GSB Executive MBA бағдарламасының тыңдаушыларына Азияның қарқынды дамып келе жатқан іскерлік ортасымен жақынырақ танысу үшін Гонконгқа оқу сапарын ұйымдастыру да қарастырылған. Меморандум өткен жылы басталған студенттік алмасу аясындағы әріптестікті одан әрі тереңдетеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -