Қазақстан мен БҰҰ жаңа өңірлік орталық арқылы әріптестікті нығайтуда

1078
Фотосурет: Аkorda

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысымен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Президенті мен Бас хатшы Антониу Гутерриш БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының күн тәртібін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ұйымға алдағы уақытта да қолдау көрсетіп, оның бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту, орнықты даму ісінде жетекші рөл атқара беруіне белсенді түрде атсалысатынын айтты.

Кездесу аясында Мемлекет басшысының және Бас хатшының қатысуымен Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығының қызметі туралы меморандумға қол қойылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -