Қазақстан CІМ-де дипломатиялық миссиясы аяқталуына орай Ливан Елшісін қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев еліміздегі дипломатиялық миссиясы аяқталуына байланысты Ливан Республикасының Елшісі Жискар Әл-Хуриді қабылдады.
Министрдің орынбасары Қазақстан мен Ливан арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, өзара тиімді серіктестікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Ж.Әл-Хуриге ризашылық білдірді.
Өз кезегінде ливандық дипломат екі мемлекет арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастардың одан әрі табысты дамуына сенім білдіре отырып, жан-жақты қолдау мен қонақжайлылық үшін қазақ тарапына алғысын білдірді.
Кездесу соңында Ливан Елшісіне Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің алғыс хаты табысталды.