Қазақстанда электркөліктерге қызығушылық артқан сайын, қауіпсіздік мәселесі алдыңғы қатарға шығып отыр. Көпшілікті алаңдататын басты сұрақтардың бірі - аккумулятордың тұтану қаупі. Осы тұрғыда батарея қауіпсіздігіне арналған көрсетілімдік тест ерекше назар аудартты, деп хабарлайды DKNews.kz.
Іс-шара барысында екі түрлі аккумулятор технологиясы салыстырылып, нәтиже айқын көрінді.
Екі батарея - екі түрлі нәтиже
Бүгінгі сынақта мынадай аккумуляторлар қолданылды:
Батарея 1 (LFP) - BYD көліктерінде қолданылатын литий-темір-фосфатты Blade Battery. Нәтиже: тұтану болған жоқ.
Сынақ бір нәрсені анық көрсетті: технология айырмашылығы қауіпсіздік деңгейін түбегейлі өзгертеді.
Blade Battery-дің басты артықшылығы неде
BYD электромобильдерінің негізгі ерекшелігі - компанияның өзіне тиесілі Blade Battery технологиясы. Бұл литий-темір-фосфатты (LFP) аккумулятордың жетілдірілген нұсқасы және бүгінде әлемдегі ең қауіпсіз шешімдердің бірі саналады.
Blade Battery-дің негізгі артықшылықтары:
құрамында кобальт жоқ;
жылу бөлу деңгейі төмен;
қызып кетуге және механикалық зақымға төзімді;
экстремалды жағдайда да өнімділігін жоғалтпайды.
Төмен жылу бөлу деңгейі аккумуляторды тұрақты етеді. Яғни, соққы немесе жоғары жүктеме кезінде ол бақылаусыз термиялық реакцияға түспейді. Дәл осы құбылыс көп жағдайда электркөліктердегі өрттің басты себебі болады.
Қазақстан жағдайында бұл неге маңызды
Қазақстан климаты қатал. Қыста аяз, жазда аптап ыстық - мұның бәрі аккумуляторға қосымша салмақ түсіреді. Сондықтан электркөлік таңдауда қауіпсіздік пен тұрақтылық шешуші рөл атқарады.
Blade Battery осындай климаттық ерекшеліктерге бейімделген. Ол тек өрт қаупін азайтып қана қоймай, ұзақ мерзім бойы сыйымдылығын сақтауға мүмкіндік береді. Бұл көліктің жалпы қызмет ету мерзіміне тікелей әсер етеді.
Қауіпсіздік - жаңа басты критерий
Сынақ нәтижелері көрсеткендей, бүгінгі таңда электркөлікті таңдауда қауіпсіздік негізгі факторлардың біріне айналып келеді. Қазақстандық тұтынушылар да енді тек жүріс қашықтығы мен бағаға емес, көліктің ішкі технологиясына назар аудара бастады.
Blade Battery технологиясы электркөлік экологиялық қана емес, қауіпсіз де бола алатынын дәлелдеді. Ал бұл Қазақстандағы электркөлік нарығының болашағы дәл осындай шешімдермен байланысты екенін аңғартады.
«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.