Алматыда “Жолдағы қабылдау” науқаны басталды

4106

Алматыда “Жолдағы қабылдау” науқаны басталды, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

АР

2021 жылдың 17 және 18 қыркүйегінде Алматы қаласының аумағында полицейлер “Жолдағы қабылдау” республикалық науқанының келесі кезеңін өткізеді. Бұл жолы ол онлайн түрде өтеді.

– “Жолдағы қабылдау” алдын алу іс-шарасы қазіргі уақытта азаматтардың көпшілігіне таныс. Бұл өте өзекті, себебі халыққа ыңғайлы жерде және уақытта жол қауіпсіздігі саласындағы кеңестер мен құқықтық көмек алуға мүмкіндік береді. Әдетте, тұрғындармен диалог азаматтарды толғандыратын сұрақтарды, оның ішінде жол қауіпсіздігінің өзекті мәселелерін талқылау түрінде жүргізіледі. Бұл ретте сенім телефоны жұмыс істейтінін атап өткім келеді, ол арқылы азаматтар бүкіл науқан барасында қоңырау шалып, өздерін қызықтыратын сұрақтарды қоя алады немесе WhatsApp-хабарламасын жібере алады: 8-747-733-10-20, – деді Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Аманбек Нұрлан.

Сондай-ақ, бұл күндері әкімшілік полиция, көші-қон және жергілікті полиция қызметі басшылығының қатысуымен тікелей эфирлер өткізу жоспарлануда. Қосу туралы хабарландыру алдын ала жарияланатын болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -