БҚО полицейлері жыл басынан бері заңсыз айналымнан 50 келіден астам есірткі затын тәркіледі

4695

Жыл басынан бері БҚО аумағында жалпы салмағы 50 келіден астам, соның ішінде 1 келі 336 грамм есірткінің синтетикалық түрлері заңсыз айналымнан тәркіленді, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Заңсыз есірткі айналымымен байланысты 66 қылмыс анықталды. 81 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 23 факті есірткі сатумен айналысқандар болса, 15 фактісі – есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін ұсталғандар. Сонымен қатар құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіргені үшін 18 факті, есірткі контрабандасымен айналысу бойынша 9 факті, улы заттарды дайындау бойынша бір факті анықталды.

– 12 қыркүйек күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығында есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын интернет желісінде сатуды ұйымдастырғаны үшін облысымыздың екі тұрғыны ұсталды. Аталған іс-шара шеңберінде орман алқаптарына, күдіктілердің тұрғылықты жерлеріне тінту жүргізілді. Нәтижесінде, бір келіден астам ұнтақ есірткі заттары және 55 таблетка амфетамин, 500 грамға жуық өсімдік тектес есірткі заттары тәркіленді. Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде синтетикалық есірткі заттарының 4300-ден астам мөлшерінің таралуына жол берілген жоқ. Аталған факті бойынша қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп атап өтті БҚО ПД бастығы Махсұдхан Аблазимов.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -